Халық тарих толқынында

Мамлют ауданында ескерткіш орнатылды

Мамлют ауданында Чернобыль апатында қаза тапқандар мен салдарын жоюға қатысқан жандарға арналып ескерткіш орнатылды.

Бірақ, карантинге байланысты оның ашылу рәсімі кейінге қалдырылды. Яғни, салтанатты жиын / төтенше жағдай аяқталған соң өткізіледі.

Айта кетейік, сәуірдің 26-сында Чернобыль атом электр станциясының 4-ші блогы толығымен қирап, сұмдық жағдайдың орын алғанына 34 жыл толды. Апаттың салдарынан айналаға радиоактивті түтін таралып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жері ластанды. Кем дегенде 5 млн адамның денсаулығына қатты зақым келіп, біразы көз жұмған болатын. 

Маржан Касымбек