Ауыл шаруашылығы

Аққайың ауданындағы кәсіпорын күніне 3 тоннадай сүт өңдейді

Коронавирус қыспаққа алып, бірқатар кәсіпорындардың тынысын тарылтқаны рас. Дегенмен, қазіргі қиын кезеңде босаңсымай, бұрынғы әл-ауқатта жұмыс істеп жатқан өндіріс орындары да баршылық.

Соның бірі – Аққайың ауданындағы  “СПК МОЛ-ТД» деп аталатын өндірістік кооператив. Кәсіпорын күн сайын 2-3 тоннаға жуық сүт өңдейді. Әрі сары май жасайды. Жалпы, тәулігіне 8-10 тонна тауар шығарады екен. Экологиялық таза әрі сапалы өнім Смирново селосы мен облыс орталығындағы бірқатар сауда орындарында саудаланады. Шикізаттың негізгі бөлігі жергілікті тұрғындардан сатып алынады. Өндірістік кооперативте карантинге дейін 16 адам жұмыс істепті, қазір де сол құраммен еңбектенуде.

Ермек Татваев – “СПК МОЛ-ТД” ӨК құрылтайшысы, Аққайың ауданы:

– Дайын өнімнің бағасы бұрынғыдай қалды. Мәселен, 1 литр сүттің құны – 175 теңге. Қазіргі қиын жағдай өтпелі кезең екенін естен шығармау керек. Уақытша қиындыққа мойымай қызметімізді ойдағыдай жалғастырып жатырмыз. Жұмысшыларымызды да қысқартқан жоқпыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ешкенова Дана