ТЖСу тасқыны

Тасқынның алғашқы толқыны өтті

Өңірде тасқынның алғашқы толқыны өтті. Бұл жайлы бүгін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифинг барысында айтылды.

Соңғы мәліметке сүйенсек, Сергеев қоймасының ернеуінен асқан судың деңгейі азайыпты. Қазір көрсеткіш 85 см-ді құрайды. Ал Соколовка ауылының маңында Есіл өзені керісінше көтерілген. Петропавлда жағдай тұрақты. Мұнда бір тәулікте судың биіктігі 3-4 см төмендепті. Жақын арада өлкемізге тасқынның екінші толқыны келмек.

Серік Наурызбаев – СҚО ТЖД басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы:

– Өткен аптада Теплиное ауылының маңы мен Петропавл гидроторабында су деңгейі көтерілді. Бізге Тепличное селосындағы жағдай қиынға соқты. Себебі, мұнда қатты жел тұрып, дамбаға қауіп төндірді. Қазір жағдай тұрақталды. Алдағы уақытта тасқынның екінші толқыны күтілуде. Оның қашан болатыны белгісіз. Біздің болжам бойынша тасқыннан қауіп келмейді.

Ешкенова Дана