МТРА жаңалықтары

Студенттер бетперде тігуде

Коронавируспен күресте жергілікті университет студиенттері де шама-шарқынша өз үлестерін қосып жатыр.

Еске сала кетейік, қазір №3-ші жатақханада «Foundation» факультетінде оқып жүрген және үндістандық студенттер тұрып жатыр. Олар уақыттарын текке өткізбес үшін маска тігуді қолға алған. Жастарға қос тігін машинасын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жергілікті өкілдері ұсыныпты. Студенттер бір аптаға жуық уақыттың ішінде мыңнан астам қорғаныс құралын тіккен. Оның барлығы қазір тегін таратылып жатыр. Бетперделер, ең алдымен коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер мен тәртіп сақшыларына берілуде.

Бақытгүл Аманжол – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Foundation» факультетінің тыңдаушысы:

– Біз «Foundation» факультетінде білім алып жатырмыз. Қазіргі төтенше жағдайға байланысыты маска тігу жұмысын қолға алдық. Себебі, қоғамға өз үлесімізді қосқымыз келеді. 

Дана  Ешкенова