Құқық қорғау органдары

Интернет-алаяқтардан сақ болыңыз

Интернет-алаяқтардан сақ болыңыз! Ғаламторда тұрғындарды алдап, қаржыны қалтаға басу фактісі тыйылмай тұр. Жақында қос бірдей петропавлдық айлакерлердің құрбанына айналды. Олар қулардың құрығына ілігіп, әжептеуір қаржыдан айрылған.

Жуырда 37 жастағы петропавлдық хабарландыру сайты арқылы қымбат ыдыс-аяқ сервизін сатпақшы болады. Сатып алушы бірден табылыпты. Әңгіме барысында клиент алдын ала төлем жасау үшін банк картасының нөмірін сұрайды. Азамат бұған иланып, сұратқанын жібереді. Көп ұзамай ол сан соққанын түсінеді. Шоттағы 700 мың теңге көлеміндегі ақшаны алаяқ қолды қылады.

Потерпевший: 

– И высшее образование и должность неплохая. Я был уверен, что никогда не смогу на такое попасться. Хорошие психологи: ввели меня к себе в доверие, внушили эту уверенность, после чего я не понимая, как это произошло, сказал им SMS-код. Только после этого я начала, что-то понимать, но было уже поздно, потому что они через мою же карточку залезли в мой депозитный счет и через него вывели все деньги.

Жақында облыс орталығында осыған ұқсас тағы бір оқиға орын алды. 57 жастағы ер адамның Facebook парақшасындағы достарына жас қыз қосылыпты. Ол мессенжерде өзін туысыңның танысымын деп таныстырады. Және өзінің Лонданда екендігін жазып, көмек сұрайды. Нақтырақ айтсақ, Петропавлға құнды сөмке жіберу керек еді, соның кедендік шығындарын төлеп беріңізші деп өтінеді. Бұл жәрдемді ұмытпаймын, қолдауыңыз үшін сыйақы аударамын деп ант-су ішеді. Бұған азамат сеніп, жақындарының қарсылығына қарамастан бір апта ішінде ресейлік банк карталарына шамамен 3 миллион 700 мың теңге салады. Ақыры-соңында жерлесімізді туыстары полицияға әкеледі. Мұнда ер адам алаяқтың құрбанына айналғанын түсінеді. Бірденжедел-іздестіру шарасы басталыпты.

Жанкелді Апенов – Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

– Қазіргі уақытта интернет желісінде алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Сондықтан алаяқтық қылмысының құрбаны болмас үшін әлеуметтік желілерде күмәнді мәмілелер жасаудан бас тартыңыз. Тауарды сатып алу немесе сату кезінде алдын ала төлем жасауға келіспеңіз. Белгісіз адамға ақша аударымдарын жасамаңыз. Бөгде адамдарға банк картасының нөмірін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефоныңызға келіп түскен құпия сөздерді хабарламаңыз.

Тағы, тәртіп сақшылары тұрғындарды кез-келген жерде қандай да бір алаяқтық белгісі байқалса, бірден хабарласуды ескертеді.

Ешкенова Дана