МТРА жаңалықтары

Ресейде оқитын 28 солтүстікқазақстандық студент кеше елге оралды

Ресейде оқып жүрген 28 солтүстікқазақстандық студент елге оралды. Олар кеше кешкі 7-лер шамасында Омбы облысынан Петропавлға автобуспен жеткізілген.

Жастар келе салысымен карантиндік жатақханаға орналастырылып, коронавирусқа анализ алыныпты. Егер қауіпті індет анықталмаса жерлестеріміз 14 күнге – үй карантиніне жіберіледі.

Асқар Хабибулин – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Студенттерге барлық жағдай жасалды. Оларға уақытылы тамақ берілуде. Сондай-ақ, нысанның іші ұдайы зарарсыздандырылып тұрады. Сараптамалық тексерістің нәтижесінде коронавирус анықталмаса олар үй карантиніне жіберіледі. Егер жастардың өз баспанасында жатуға мүмкіндігі болмаса, жатақханада қалдырылады.

Бердимурат Баймухан