Құқық қорғау органдары

Үлкенге құрмет

Азық-түлік. Одан кейін киім-кешек емес, бетперде мен антисептик. Қазіргі жағдайда бірінші қажеттіліктегі дүниелерді тағам түрлерінен кейін, осылай жіктеуге болады. Оның өзіне қол жеткізу кейде бірден мүмкін бола қоймайды. Осыны ескерген жергілікті тәртіп сақшылары отставкадағы полиция қызметкерлерінің хал-жағдайларын біліп, қажетті заттар салынған қоржын үлестірді.

Отставкадағы милиция подполковнигі Нина Мицукова 68 жаста. Ол құқық қорғау органдарындағы қызметін 81-ші жылы бастаған екен. Зейнетке шықанша дейін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор лауазымында еңбек еткен. Нина Романовна «Милиция үздігі» төсбелгісімен марапатталған және еңбек ардагері атағы берілген екен. Бүгін нәзікжандының үйіне полиция департаментінің қызметкерлері азын-аулақ сыйлықпен келді.

– В рамках общереспубликанской акции по борьбе с коронавирусом от нас вам небольшой подарок: маски и антисептик. – Небольшой запас масок! Небольшой запас масок, да.

Бетперде, антисептик пен азық-түлік. Қазіргі жағдайда маска мен антисептик те бағалы дүние боп тұр. Айналаны қауіпті індет кезген шақта дүкен мен дәріханаға жетудің өзі бір мұң. Сол себепті, тәртіп сақшыларының ұсынған жылуын қарттар жылы қабылдады.

Сәкен Бәкетов құқық қорғау органдарында 30 жылға жуық еңбек етіпті. Учаскелік инспектор, одан кейін тергеуші болған. Сондай-ақ, кезінде ұрлыққа қарсы күрес, экономикалық қылмысқа қарсы күрес басқармаларында, Мемлекеттік тергеу комитетінде жұмыс істеген.

Полиция қызметкерлері осылай 5 жалғызбасты ардагердің үйіне барып қайтты. Негізі, департамент өкілдері құрметті демалыстағы бұрынғы тәртіп сақшыларын ұмытпай, үнемі хал-жағдайларын біліп тұрады.

Актолкын Солтанханкызы