Мәдениет

Онлайн концерт тамашалаңыз!

Карантин кезінде үйде отырып, кеш тамашалаңыз! ҚР Мәдениет қайраткері, «Сегіз сері» атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері Қайырлы Ғафуров кезекті рет концерт бермекші. 45 минутқа жоспарланған іс-шара ертең, яғни сәуірдің 23-і күні ұйымдастырылады. Онда өнерпаз домбырамен және эстрадалық жанрда 10-ға жуық ән шырқайды. Шығармалар ұлы ақын Абай Құнанбаевқа, Жеңіс күніне, туған жер мен достарға арналған. Бұлардың арасында сегіз қырлы, бір сырлы Қайырлы ағамыздың жүрекжарды туындылары да бар.

Қайырлы Ғафуров – «Сегіз сері» атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері, ҚР Мәдениет қайраткері:

– Кешкі сағат 19:00-де филармонияның инстаграмм парақшасында тікелей эфирге шығамыз. Көрермендерді қуантқымыз келеді.

Бердимурат Баймухан