Білім

Емтихан тапсыру мен дипломдық жұмыстарды қорғау қалай өтеді?

ҚР Білім және ғылым министрлігі емтихандарды тапсыру мен дипломдық жұмыстарды қорғау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірледі. Вице-министр Мирас Дәуленов экзамендерге қатысатын жандарды екі санатқа бөлу қажет екенін айтты, олар – 1,2,3-ші курс студенттері және биыл оқуын тәмамдайтын түлектер.

Бірінші топтағылар сессияны қашықтықтан тапсырады немесе сынақтың өтетін күні кейінге шегеріледі. Сондай-ақ, баға қыз-жігіттердің оқу үлгерімдері, яғни ағымдағы баллдарына байланысты қойылуы мүмкін. Осы шешімдердің бірін әр ЖОО өздігімен қабылдайды. Ал түлектер карантиндік шектеулер алынбаса, онда дипломдық жұмыстарын онлайн режимде қорғайды. Енді кешенді емтиханға келейік. Мұнда да экзамендер қашықтықтан өтуі, жиынтық бағаның бірден қойылуы және жазға немесе күзге ауыстырылуы мүмкін.

Жалпы, биыл 604 345 студент емтихан тапсырады. 

Маржан Касымбек