МТРА жаңалықтары

Бизнес пен инвестиция қорғалады

Өңірімізде 2018-ші жылы бизнесті және инвестицияны қорғау жобасы іске қосылды.

Оның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік саласындағы заң бұзушылықтарды болдырмау, іскер жандардың мүддесін қорғау. Бастама жүзеге асырылғалы бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті 21 инвестормен жалпы құны 160 млрд. теңгеден аса сомманы құрайтын келісім-шартқа қол қойған. Осы уақыт ішінде аталған ведомстваға 70 аса өтініш түскен. Олардың басым бөлігі тауар импортына және шекарадан өту кезінде орын алған қиындықтарға қатысты. Бүгінде бұл мәселелер шешілген екен.

Нұрлан Жахин – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– 2020 жылдың басынан 5 келісімге қол қойылды. Ол 18 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, облыс әкімінің бастамасымен өзге де инвесторлар тартылуда. Сол себепті бұл қаражатты біз тек сүйемелдеу үшін ғана емес, жедел іздестіру мен мемлекеттік бағдарламалар бағытында да өзіміздің бақылауымызға аламыз.

Актолкын Солтанханкызы