Қоғам

Қаңғыбастарды іздестіру рейдтері жүргізіліп жатыр

Петропавл карантинге жабылғалы бері полицейлердің жүктемесі біршама артты. Бұған қарамастан жергілікті тәртіп сақшылары үйсіз-күйсіз жүрген жандарды іздестіру жұмыстарын тоқтатқан жоқ.

Күн сайын мамандар арнайы рейдке шығады. Шара барысында БОМЖ-дар жиі мекен ететін жылу құбырлары, құдықтар мен қараусыз қалған ғимараттар жіті тексеріледі. Бір ғана рейдтің өзінде инспекторлар 10 шақты адамды тауып, оларды шаһардағы қабылдау-тарату орнына жеткізеді екен. Мұнда қаңғыбастардан саусақ таңбалары алынып, жеке деректері арнайы базаға енгізіледі. Азаматқа іздеу салынған ба, жоқ па – бұл да тексеріс барысында анықталады. Кейін тұрғылықты мекен-жайы жоқ жандар Жұмысышы кентіндегі түнеу пунктіне жөнелтіледі.

– Улица, есть – улица. Так, маски покупаем. – В ночлежном доме были? – Да, да, да. Там, как всегда – до утра только. Не каждый день там бываем. Зависит от погоды – если дождь, снег – стараемся туда. Мне 40 лет. Лет пять уже на улице, точно.

Ерлан Нұрахметов – Петропавл қалалық ПБ ЖПҚ қабылдап-тарату орнының инспекторы:

– Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде карантин іс-шарасы басталғаннан бері қабылдап тарату орнына 96 адам жеткізілді, ал түнеу орнында 131 адам болды. 

Саят Ермек