Қоғам

Петропавлда жылыту маусымы аяқталды

Күн жылынды, енді жылу беру тоқтатылады.

Облыс орталығында бұл жұмыс қазір жоспарлы түрде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Бұған дейін салқын самал соқса, бүгін ауа температурасы бірден +20 градусқа дейін көтерілді. Жылу беруді біртіндеп тоқтату сәуірдің 30-ына дейін жалғасады.

Әсем Айтолла – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Алғаш болып жылытудан балабақшалар мен мектептер ажыратылды. Ертеңнен бастап жылу көпқабатты үйлерде сөндіріле бастайды.

 

 

 

Ешкенова Дана