Құқық қорғау органдары

«Жолда қабылдау» акциясы өтті

Жерлестеріміз онлайн режимде сұрақ қойып, жауап алды! Өңірде кезекті мәрте “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтті. 2 күнге созылған шара барысында тәртіп сақшыларына тұрғындардан 500-ге жуық сауал түсті.

–  Это рабочая группа местной полицейской службы, если у вас возникают проблемные вопросы, вы можете обратиться, позвонить.

Бұл жолы «Жолда қабылдау» акциясы онлайн түрде өтіп жатыр. Яғни, тәртіп сақшыларына сұрақтар әлеуметтік желілерде қойылуда. Шара барысында Тимирязев ауданының тұрғынынан шағым да түсті. Ол полицейлерге кәсіпкерлер төтенше жағдай режимін бұзғанын, үйлерінен тыс орналасқан өздерінің киім-кешек сататын дүкендерінде жүргенін айтқан. Бұл хабарды ала сала мамандар тексеріс жүргізеді. Нәтижесінде 33 жастағы азамат ұсталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Бүгінгі күні іс сотқа жіберілді.

Александр Розбах – СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары:

– Жалпы, облыс аумағында 56 полиция бекеті бар. Оның 13-інде санитарлық көмек көрсетіледі. Барлық блокпостарда тәртіп сақшылары, ақ халаттылар мен ветеринар мамандар бар.

Акция барысында тәртіп сақшыларына түрлі сауалдар түсті. Әсіресе тұрғындардың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдар, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция жұмысына қатысты сұрақтар қойды.

Ермек Нұсұрбаев – СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

– «Жолда қабылдау» акциясы барысында 4 мыңнан астам сауал түсті. Олардың барлығына жауап бердік.

«Жолда қабылдау» акциясы осымен 13-ші рет өткізіліп отыр.

Актолкын Солтанханкызы