Спорт

Жас футболшылар үйде жатығуда

Карантин кезінде «Qyzyljar-M» футбол клубының жастары үйде жаттығу жасап жатыр.

Жаттығу қарапайым. Спортшылар жеке-жеке берілген тапсырманы орындайды. Мысалы, гантель мен гір тасын көтереді, белтемірге тартылады, кеудені жерден көтереді. Мұндай іс аяқ допшыларды қалыпты формада ұстауға көмектеседі екен. Төтенше жағдай аяқталған соң, футболшылар 2-3 апта бойы күшейтілген режимде жұмыс істемек. Кейін, маусымды әрмен қарай жалғастырады. Жалпы, бүгінде «Qyzyljar-M» сапында 24 бала доп теуіп жүр.

Дмитрий Полховский – «Qyzyljar-M» ФК бас бапкері:

– Спортшылармен үздіксіз хабарласып тұрамыз. Олардың үйдегі жаттығуларын өзім қатаң бақылаймын. Себебі, жастар физикалық күш-қуаттарын сақтау үшін тынбай еңбек етулері керек. Сонда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.

Маржан Касымбек