Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірде азық-түлік қоры жеткілікті

Алаңдауға еш себеп жоқ. Қазір аққайыңдар өлкесінде азық-түлік қоры жеткілікті. Әрі бүгінде әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың бағасы сол қалпында тұр. Дегенмен, басқа өнімдердің құны біршама артыпты.

Өңірде карантин жариялаған күні халық дүрбелеңге салынды. Себебі, жерде-жерде азық-түлік тапшылығы болады деген қауесет тарап, базарлар мен ірі супермаркеттер адамдарға лық толды. Осылайша қажетті дүниелерді қап-қаптап сатып алды. Алайда, жағдай тұрақты күйінде қалды. Қазір әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауар жеткілікті әрі бағасы да шарықтамады. Өйткені, тұрақтандыру қоры керектінің барлығын өткен жылы молынан әзірлеп қойыпты.

Ғамали Жұмашов – «Солтүстік» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Қазір бағаны тұрақтандыру қорында картоптың – 347, сәбіздің – 57, пияздың – 54, қырыққабаттың – 39 тоннасы бар. Сондай-ақ, күріштің – 86, қарақұмықтың – 14, ұнның – 1970 тоннасы сақтаулы. Осы және өзге де азық-түлік түрлері қаламыздағы базарлар мен “Семейный”, “Северный”, “Magnum”, “Айсберг” пен “Сокол” сынды супермаркеттерге жеткізіледі.

Бәрі жеткілікті, алаңдаудың еш қажеті жоқ! Тұрақтандыру қорының өкілдері осылай дейді. Оның үстіне алдағы уақытта мұнда 66 тонна тұз жеткізіледі. Тағы, 200 тоннайдай сұйық майға тапсырыс беріліпті. Естеріңізге салайық, аталған дүниелер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің тізіміне кіреді. Сондықтан соммалары қаз-қалпында қалады. Ал өзге тауарлардың бағалары қалай? Өзгерді ме?

Дана Сәлімқызы – тілші:

– Жыл басынан өңірде азық-түлік қымбаттаған. Мысалы еттің бағасы 3,4 пайызға жоғарылаған. Тағы, көкеніс 11,2 пайызға қымбаттапты. Ал күріштің бағасы керісінше 11,8 пайызға арзандаған.

Ал сүт өнімдері керісінше 4,9 пайызға өсіпті. Макарон – 2,4, кондитерлік өнімдердің бағасы 1,4 процентке артыпты. Жемістер – 3, жұмыртқа 5,5 пайызға қымбаттады.

Дана Ешкенова