Құқық қорғау органдары

Облыс аумағында 43 блокпост бар

Бүгінде облыс аумағында 43 блокпост жұмыс істеп тұр. Оның 5-уі – Петропавлда, қалғандары аудандарда орналасқан. Бекеттерде ақ халаттылар мен тәртіп сақшылары тәулік бойы кезекшілік атқарып жүр. Полиция қызметкерлері кешегі күннің өзінде тәртіпке бағынбаған 18 адамды құрықтаған.

– У вас все нормально?

– Да.

– В данный момент куда направляетесь?

– Домой.

– Все, всего доброго. Проезжайте.

Бұл – Мамлютка қаласы тұсындағы бекет. Мұндай блокпост аудан орталығында екі жерден қойылған. Әрқайсысына қос-қостан тәртіп сақшылары мен ақ халаттылар бекітіліпті. Полиция қызметкерлері әр көлікті тоқтатып, рөлдегі адамның құжаттарын тексерсе, дәрігерлер дене температурасын өлшейді.

Жеңіс Темірбеков – Мамлют ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары: 

– Бұл бекетте 8 полиция, 8 медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Мақсатымыз – коронавирус індетінің таралу жолын кесу.

Жалпы, бүгінде облыста 43 блокпост жұмыс істеп тұр. Бекеттерде 248 полиция қызметкері мен 150 медицина қызметкері кезекшілік атқаруда. Кешегі күннің өзінде өңірде карантин ережесін 18 адам бұзған. Оның 6-уы облыс орталығында құрықталса, қалғаны аудандарда ұсталыпты.

Бердимурат Баймухан