Ауыл шаруашылығы

Егістік науқанына дайындық

Өңірде егістік науқанына дайындық жүріп жатыр. Шаруаға аққайыңдықтар да білек сыбана кіріскен.

Сергей ПодкомОрныйдың бұл салада 15 жылдық тәжірибесі бар. Қазір фермерлік шаруашылықтың паркіндегі жұмыс қызған. Барлық техника тексерістен өтуде. Диқанның 5 дән себу кешені бар екен. Оларды азамат “Аққайың” кредиттік серіктестігінен несиеге алған.

Сергей Подкоморный – “Подкоморный С.Н.” фермерлік шаруашылығының басшысы, Аққайың ауданы:

–  Биыл дақылдың 3 түрін себуді жоспарлаудамыз. Бидай, арпа мен зығырдың 1-ші сұрпын дайындап қойдық. Егістік алқабы 400 гектарды құрайды.

Эльмира Садвокасова