МТРА жаңалықтары

Басқарма басшысына қызметінен кетуіне тура келді

Қол астындағы қызметкер жемқорлық жасады ма, басшысы да отставкаға кетеді.

Өткен жылдың соңында тиісті заңнамаға осындай өзгеріс енгізілген болатын. Естеріңізге сала кетейік, жуырда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Балахонцев қызметінен кетті. Бұған дейін оның орынбасары Ғалым Тасболатов жемқорлықпен ұсталған болатын. Ол Ақжар ауданындағы “Ленинград жолдары” серіктестігінің директорынан  мемлекеттік сатып алуларда көмектескені үшін 200 мың теңге көлемінде пара алған. Ақыры Ғалым Тасболатовқа 4 жарым млн теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айырылды. Бұл туралы өңір жетекшісінің орынбасары Антон Федяевтің қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлаин-брифингінде айтылды.

Антон Федяев – облыс әкімінің орынбасары:

– Қазір жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударылып жатыр. Бұл шараға қоғам өкілдері де жұмылдырылған. Олар байқаған олқылықтар жайлы айтып бізге жүгінеді немесе әлеуметтік желілерде жазады. Мәселен, шағымдардың бір бөлігі жол құрылысы саласына қатысты. Әр факті бойынша біз жіті талдау жүргіземіз. 

Дана  Ешкенова