Әр түрлі

Қала көшелеріне көшеттер отырғызылуда

Қала көшелеріндегі ескі ағаштар кесіліп, орнына көшеттер отырғызылуда.

Аталған іс Ойқала шағын ауданындағы Потанин көшесі бойында жүргізіліп жатыр. Мамандар мұндағы 100-ден астам жасыл желекті түбімен қоса алып тастаған. Өйткені, оларды құрт жеп, паразит саңырауқұлақтар өсіп кетіпті. Есесіне, орнына қайың, жөке мен шетеннің көшеттері егіліп жатыр. Ауа райы жақсы қабақ танытса, жоспарланған шаруа бір аптадан кейін аяқталмақ.
Айта кетейік, бұған дейін жас ағаштар шаһар бойынша 17 көшеде егілген екен. Барлығы – 3 мың жасыл желек отырғызылған.

Артур Рязапов – «Ботаникалық бақ» ҮЕҰ жетекшісі:

– Потанин көшесінде үйеңкі көшеттері егілді. Архив деректеріне сүйенсек, бұл жердегі жасыл желектер сонау 65-ші жылдан бері өсіп тұр. Бүгінде әбден ескірген. Сол себепті, оларды кесіп, жас ағаштарды отырғызып жатырмыз.

Маржан Касымбек