Әр түрлі

24 сәуірде қасиетті Рамазан айы бастау алады

Сәуірдің 24-інде қасиетті Рамазан айы бастау алады. Берекелі де, кешірімі мол ай биыл еліміздегі төтенше жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. 30 күн ауыз бекітіп, ораза ұстауға ниет білдірген жандар осы орайда нені ескергендері жөн? Бүгін бұл туралы «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы онлайн-брифинг барысында айтты.

12 айдың сұлтаны болған Рамазан биыл 24-ші сәуірден бастау алады. Яғни, мұсылман қауымы үшін аса қасиетті ай елдегі төтенше жағдайға сәйкес келіп отыр. Сол себепті, тұрғындар мешітте жамағатпен оқылатын тарауық намазын үйде оқулары тиіс. Және ораза ұстау балиғатқа жеткен денсаулығы жақсы әрбір азаматқа рұқсат етіледі. Ал денсаулығы нашар, созылмалы дерті бар жандар мен қарт адамдарға ауыз бекітпеуге болады дейді дін мамандары. Ол үшін құны 1700 теңгені құрайтын фидия садақасын беру қажет.

Кенжетай қажы Байкемелұлы – «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы:

– Ораза ұстай алмайтын бір кісіге таңертең және кешке беретін фидия садақасы 1700 теңгені құрайды.

Ал, пітір садақасының құны биыл 370 теңгені құрайды. Діни мамандар оны беру үшін мешітке келудің қажеті жоқ. Алла жолында жұмсалатын ақыны онлайн-банкинг арқылы аударуға болады. Сондай-ақ, көпшілікке ауызашар берілмейді. Аталған шара тек отбасы көлемінде аталуы тиіс. Бұл қауіпті індеттің алдын алу мақсатында жасалып отыр дейді облыстың бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы.

Кенжетай қажы Байкемелұлы – «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы:

– Каспий және Центркредит онлайн-банкингтері мен терминалдар арқылы пітір садақасын беруге болады. Төлем комиссиясыз жүзеге асады.

Тағы да еске сала кетсек. Ораза сәуірдің 24-і бастау алады. Ал Қадір түнін жерлестеріміз мамырдың 19-ынан 20-сына қараған түні күтеді.

Бердимурат Баймухан