МТРА жаңалықтарыЭкология

Тұрғындардың өтініші ескерусіз қалмады

Маңайды көк түтін басты! Осындай мәселемен Аққайың ауданының орталығы Смирново селосының тұрғындары облыстық экология департаментіне жүгінген. Халықтың өтініші ескерусіз қалмады. Іске  жауапты мамандар бірден араласып, жылыту қазандығын жасайтын «Сапро-НАТ» серіктестігінде тексеріс жұмысын жүргізіпті.

Нәтижесінде алты бірдей автономды жылыту жүйесінде олқылық анықталған. Нақтырақ айтсақ, құрылғылардың қоршаған ортаға шамадан тыс зиянды заттарды шығаратыны белгілі болды. Тағы, санитарлық қорғаныс аймағы құрылмағаны әшкереленді. Алдағы уақытта кәсіпорын құқық бұзушылықты жою керек. Экологтар тиісті заңнамаға сәйкес осындай бұйрық шығарды. 

Ешкенова Дана