МТРА жаңалықтарыБизнес және экономика

СҚО-да тұралап тұрған кәсіпорындар жойылды

Солтүстік Қазақстан облысында 308 кәсіпорын жойылды. Олардың басым бөлігі, шамамен 86%-ы, тұралап тұрған. Мұндай заңды тұлғалардың қызметін тоқтату туралы шешімді облыстық ауданаралық экономикалық соты шығарды.

Жалпы, 2020 жылдың үш айында өңірде 10 мыңнан астам кәсіпорын тікеліпті. Дені жұмысшы саны 100-ге де жетпейтін шағын бизнес субъектілері. Өндіріс ошақтарының 8 мыңы – жеке меншікте, ал 1,5 мыңы – мемлекет меншігінде. Аймағымызда тіркелген нысандардың басым бөлігі көтерме және бөлшек саудамен айналысады екен. Аса танымал салалардың тізіміне автокөліктерді жөндеп, оларға техникалық қызмет көрсететін станциялар, ауыл, орман және балық шаруашылығы кәсіпорындары кіреді. 

Бердимурат Баймухан