ТЖ

Мысық иелерін өрттен құтқарып қалды

Мысық иелерін өрттен құтқарып қалды! Өткен аптада Петропавлдағы Рыжов көшесі бойында орналасқан үйлердің бірінен от шықты. Төтенше жағдай орын алған кезде баспанада 65 жастағы зейнеткер мен оның 18-дегі немересі болыпты. Бірақ, олар басқа бөлмеде отырып, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан қызыл жалынды сезбеген екен. Осы сәтте Румпель атты үй жануары мияулап, мазасызданады. Жерлестеріміз оны барып көргенде, веранданың жанып жатқанын аңғарады. Қалалықтар бірден терезеден сыртқа шығып, құтқарушыларға хабарласады. Мамандар өртті жарты сағатқа жеткізбей ауыздықтаған. От үйдің бірқатар бөлігін шарпыпты. 

Маржан Касымбек