МТРА жаңалықтарыТЖ

Өңірде 80-ге жуық дала өрті орын алған

Сәуір айының 1-ші жұлдызынан бері өңірде 80-ге жуық дала өрті болған. Төтенше жағдайдың басым бөлігі Тайынша, Мамлют, Аққайың және Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласының маңында тіркелген. Құтқарушылардың сөзінше көбінесе қызыл жалын сөндірілмеген темекі мен оттың салдарын орын алады екен. Қазір күн жылы, жер құрғап, шөп кепті. Оның үстіне жел соғып тұр. Мұндай кезде өрт айналаны лезде шарпиды. Сондықтан абай болу қажет және тиісті ережені сақтау керек.

Серік Наурызбаев – СҚО ТЖД басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы:

– Кеше Қызылжар ауданына қарасты Асанов ауылында жем қалдықтарын өртемек болған адам анықталды. Тұрғынға ескерту жасалды. Егер мұндай жағдай тағы қайталанса, оған айыппұл салынады. Жерлестерімізді тиісті ережені сақтауға шақырамыз.

Маржан Касымбек