МТРА жаңалықтарыАуа райы

“AirKZ” мобильдік қосымшасы іске қосылды

Синоптиктердің сөзінше ертең, яғни 17-ші сәуір күні облысымыздың кейбір аудандарында тұман түсуі мүмкін. Сонымен қатар, жел күшейіп, секундына 28 метрге дейін жетпек. Жақында “Қазгидромет” ауа райын бақылайтын “AirKZ” мобильдік қосымшасын іске қосты.

Оның көмегімен өңірдің барлық аумағындағы ауа температурасын бақылауға болады. Және агрометеорология, экология, гидрология салаларына қатысты ақпаратпен де танысуға мүмкіндік бар. Тың жоба кез-келген адамға қолжетімді. Оны тұрғындар “PlayMarket” және “AppStore” арқылы ұялы телефонға жүктей алады.

Ешкенова Дана