ТЖ

Тасқынның алғашқы толқыны Петропавлға 5-7 күнде жетеді

Облысымызда тасқынға қатысты ахуал – күнделікті құтқарушылардың бақылауында.

Соңғы мәліметтерге сәйкес Сергеев қоймасындағы ернеуінен асқан судың деңгейі қазір 156 см-ді құрайды. Қызыл судың бірінші толқыны өтті. Ол Ғ.Мүсірепов пен Айыртаудағы кіші өзендердің есебінен орын алыпты. Осылайша, сәуірдің 11-і тіршілік көзінің көлемі 196 см-ге жетіп, алғашқы шарықтау шегі ретінде тіркелді. Қазір бұл су Қызылжар ауданына жеткен. Есіл өзенінің Боголюбово, Покровка елді мекендерінің тұсында деңгейі көтеріліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының сөзінше, жағдай бірқалыпты.

Серік Наурызбаев – СҚО ТЖД басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы:

 Қазір облыс орталығындағы гидроторап 99 пайызға толған. Алдағы 5-7 күнде шаһарға алғашқы толқын келеді. Тасқын биыл баспаналарға жетпейді деген болжам бар. Тілсіз жау саяжай учаскелеріне кіреді. Тағы Челябі-Новосібір республикалық маңызы бар тас жолын басады. Сергеев су қоймасындағы екінші толқын сәуір айының үшінші онкүндігінде болады деп күтілуде.

Ешкенова Дана