МТРА жаңалықтары

Бармақ басты, көз қыстылықтың алдын алу

Бармақ басты, көз қыстылықтың алдын алу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері облыстық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасына жүргізген талдау шараларын қорытындылады.

Соңғы екі жылда аталған басқарманың басшылары қатарынан 3 рет парамен ұсталған. Соңғы жағдай үстіміздегі жылдың басында – қаңтар айында тіркелді. Лауазымды тұлға 650 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған. Іс сотта қаралып жатыр.

Осыған байланысты құзырлы орган мамандары құрылысы аяқталмаған нысандарға профилактикалық бақылау ұйымдастырған.

Нұрлан Жахин – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Талдау бір ай бойы өткізілді. Біз Талшық ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жоспардан тыс профилактикалық бақылау жүргіздік. Бұл жерде ешқандай құқық бұзушылық фактісі анықталған жоқ.

 

 

Ешкенова Дана