Қоғам

“Қазпошта”-ның Аққайың ауданындағы бөлімшесі штаттық режимде жұмыс істеуде

“Қазпошта”-ның өңірдегі бөлімшелері жұмысын штаттық режимде жалғастыруда. Тек қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қызмет ету уақытын қысқартқан.

Мәселен, Аққайың ауданындағы пошта бөлімшесі сағат 4-ке дейін жұмыс істейді. Мамандар тұрғындардың үйден шықпай-ақ қызмет алулары үшін тиісті іс-қимыл жоспарын құрған. Барынша қашықтықтан қызмет көрсетеді, зейнетақыны үйді-үйге апарып береді. Кеңсенің өзінде санитарлық талаптар жіті сақталады. Мамандар қорғаныс құралдарымен толық қамтылған.

Николай Грудцин – Аққайың аудандық пошта байланыс торабының бастығы:

– Жұмысымызды бастамас бұрын нысанның іші зарарсыздандырылады. Қызмет алуға келген адамдар болса өз кезегін далада күтеді. Есік алдына орындықтар қойылған. Оған қоса 2 метр арақашықтықты сақтау үшін арнайы сызба жасадық. Ал қарттар мен мүгедек жандар келсе, оларды кезексіз өткізуге тырысамыз.

 

 Ешкенова Дана