15 сәуір – “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” күні

Әр түрлі

21:46 15 Сәуір 2020

15-ші сәуір – махабаттың символы “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” күні. Аталған мерекеде ғашықтар бір-біріне деген сезімін білдіреді.

Дәл осы күні танысып, бақытты отбасын құрып кеткен жандар да бар. Шаяхметовтар жанұясы – бұған айқын дәлел. Нұрдәулет пен Мөлдірдің өмірінде бұл мереке ерекше орын алады. Олар осыдан 5 жыл бұрын танысқан екен. Биыл үйленгендеріне 2 жыл толып отыр. Міне, содан бері екеуі тату-тәтті өмір сүріп келеді. Жас отбасы 15-сәуірді жыл сайын ерекше атап өтеді.

Нұрдәулет-Мөлдір, Шаяхметовтар отбасы:

– Біз 15-ші жылы көктемде танысқан болатынбыз. Бұл мереке біздің өмірімізде ерекше орын алады. Жыл сайын жұбайымыз екеуіміз паркте қыдырып, киноға баратынбыз. Төтенше жағдайға байланысты енді үйде отырмыз. Бүгін біз кешкі ас пісіріп, кешке кино қарауды жоспарлап отырмыз.

 

 

 

Бердимурат Баймухан

 

Бұдан әрі оқыңыз

Питное көлінде балық қырылып жатыр
Мамлют ауданында бос уақыт өткізу орталығы салынып жатыр
Зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары