МТРА жаңалықтары

42500 теңге енді студенттерге де беріледі

42 500 теңге енді ел студенттеріне де беріледі. Жұмыс істеп жүрген ұл-қыздар төтенше жағдай кезінде табысынан айырылса, олар әлеуметтік төлем алуға құқылы.

Сұранымды бейресми түрде қызмет еткен жастар да жолдай алады. Ол үшін ең алдымен бірыңғай жиынтық төлем төлеулері керек.

Айта кетейік, жалпы жәрдемақыға өтінімдерді egov.kz веб-порталы, enbek.kz немесе Telegram bot арқылы қалдыруға болады.

Бүгіннің өзінде жергілікті штабқа өңір тұрғындары тарапынан 60 мың өтініш түскен. Олардың 40 мыңға жуығы мемлекеттен берілетін жәрдемақыға қол жеткізіпті.

Гүлбақыт Манабаева – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Студенттер 16 жастан жұмыс істей алады. Егер ол төтенше жағдайға дейін жұмыс істеген болса, ақша оған да төленеді. Өтініш 3 күн ішінде қаралады. Оны Министрлік қабылдайды. Кейін тексеріп мемлекеттік корпорацияға жібереді. Жәрдемақыны әлеуметтік сақтандыру қоры тағайындайды және ақша бөледі.

Маржан Касымбек