Әр түрлі

Православтар Пасха мейрамын атап өтеді

19-шы сәуір күні – православ сеніміндегі христиандардың Пасха мейрамы. Биыл діни мерекені атап өтуде коронавирусқа байланысты бірқатар өзгерістер енгізілген.

Әзірге, дінге берік жандар шіркеуге жинала алмайды. Сондай ақ, дін қызметшілерінің сөзінше тұрғындар мерекелік нан мен түрлі түске боялған жұмыртқаға қасиетті суды үйде себулеріне болады. Ол үшін храмға келудің қажеті жоқ дейді.

Владимир, Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

– Бүгінде ел үшін қиын-қыстау кезде үйде отырыңдар деп айтып жатыр. Бұл еріккеннен қабылданған шара емес. Қазіргі тәртіпке сай қойылған талапты орындауымыз керек. Бұл – жалпыға ортақ қағида. Сол себепті, мен тұрғындарды Пасха мерекесін отбасы ортасында қарсы алуға шақырамын.

Актолкын Солтанханкызы