Денсаулық сақтау

Көзілдірік салоны тапсырысты онлайн қабылдайды

Петропавлдағы оптика дүкендерінің бірі қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Көз мамандары шаһар тұрғындарының өтініштерін әлеуметтік желілер арқылы қабылдайды.

Сонымен қатар, тапсырысты курьер үйге дейін жеткізіп береді. Азаматтар көзілдірік алуға арналған рецептіні ватсаппен жіберулері тиіс. Кейін, дәл солай талғамыңызға сай сынамаларды таңдауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, тұрғындарға жеңілдік те қарастырылған екен. Егер бағасы 8 мың теңгеден жоғары дүниеге тапсырыс берсеңіз, жеткізіп беру қызметі тегін.

Елена Погорелец – «Новая Оптика» ЖШС директоры:

– Карантинге байланысты біз қашықтықтан жұмыс істеуге көштік. Қала тұрғындары, көзілдірікке, оны жөндеуге, жанаспалы линзалар мен оларды күтуге арналған сұйықтыққа және контейнерге тапсырыс бере алады. Ол үшін бізбен ватсап әлеуметтік желісі арқылы хабарласса болғаны. Тауарды мекенжайға курьермен жеткізіп береміз.

Бердимурат Баймухан