Ерiктiлер

Еріктілер жалғызілікті қарттарға көмектесуде

Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Достық үйінің еріктілері қиын кезеңде жалғызілікті қарттарға көмек қолын созуда.

Нан, сүт, шай мен көкөністер. Белсенді солтүстікқазақстандықтар жергілікті зейнеткерлердің тапсырысы бойынша алғашқы қажеттіліктегі азық-түліктерді сатып алып, үйлеріне апарып беруде. Бұл жолы волонтерлер Анатолий Антоновқа жәрдемдесті. Қарияның көзі нашар көреді. Ол өзі дүкенге бара алмайды екен. Шарапаты мол шара соңында қыз-жігіттер сексеннің сеңгеріне шыққан қала тұрғынының алғысын алды.

Мария Татаренко – “Қоғамдық келісім” КММ жетекшісінің орынбасары:

– 1 күнде бізге кем дегенде жүздеген зейнеткерден өтініш түседі. Біз ең алдымен олардың мекен-жайын сұрап, анықтап аламыз. Кейін, сол маңда тұратын еріктілерге хабар береміз. Қыз-жігіттер қажетті азық-түлікті сатып алып, үйіне апарады. Қария керекті дүниені алған соң ғана ақшасын төлейді.

Маржан Касымбек