Құқық қорғау органдарыҚоғам

Полицейлер жаңа туған сәбиді үйіне жеткізді

Өңір полицейлері жаңа туған сәбиді үйіне жеткізді.

Жақында Тимирязев ауылының тұрғыны Юлия Шветова облыстық перинаталдық орталықта екінші баласын дүниеге әкелді. Алайда, бекеттер жабық болған соң, азаматша үйіне жете алмайды. Осы сәтте нәзік жандыға аудандық полицейлер көмек көрсетеді. Олар «жасыл дәліз» шарасын ұйымдастырып, нәрестені әкесіне табыстайды. Ал, анасы болса денсаулығына байланысты дәрігерлердің қарауында қалыпты.

Юрий Шветов – Тимирязев ауылының тұрғыны:

– Еш кедергісіз өтуімізге көмектескендері үшін әкімдікке, полиция қызметкелеріне алғысымды айтамын. Барлығы ойдағыдай өтті. Өте қуаныштымыз. Баламның жағдай жақсы. Енді зайыбымның үйге оралуын күтеміз.

Маржан Касымбек