МТРА жаңалықтары

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев брифинг өткізді

Өткен сенбіден бері сақталған статистика бүгін өзгерді! СҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған 26-шы адам тіркелді.

Науқас – 19 жаста. Ол өңірімізге Ақмола облысынан келген. Азамат көктемгі егістік науқанға дайындық барысымен сәуірдің алтысы күні – Ақжар, кейін Уәлиханов ауданында болыпты. Кеше көршілес аймақтың тұрғыны ОРВИ белгілерімен Ақжар аудандық ауруханасына жүгінген екен. Сонда бойынан қауіпті дерттің белгілері табылған. Қазір жас жігіт Талшықтағы инфекциялық стационарда жатыр. Онымен байланыста болған тұлғалар анықталуда. Ал, ертең Петропавлға сонау Лонданнан әуе кемесі ұшып келеді. Ұшақпен шетелдерде қалып қойған отандастарымыз жеткізілмек. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев кезекті брифинг барысында мәлім етті.