ТЖ

5 балықшы ажал аузынан аман қалды

Балықшылар ажал аузынан аман қалды! Кеше Есіл ауданына қарасты Үлкен Торанғұл көліне бата жаздаған 5 адам құтқарылды.

Азаматтар су айдынына балық аулауға келіпті. Олар күннің жылынғандығына қарамастан жұқа мұздың бетіне шыққан екен. Осы сәтте мұз жарылып, жерлестеріміз тұрған бөлік жылжи бастаған. Қауіпті сезген Корнеевка селосының 55 пен 72 жас аралығындағы тұрғындары бірден құтқарушыларға хабарласады. Мамандар оқиға орнына жеткенде көмек шақырған жандар жағадан 300 метрден астам жерге алыстап кетіпті. Абырой болғанда төтенше жағдай қызметінің өкілдері солтүстікқазақстандықтарға моторлы қайықпен барып, 1 жарым сағаттың ішінде қауіпсіз аумаққа аман-есен алып шығады.

Бердимурат Баймухан