МТРА жаңалықтары

“Біз біргеміз” акциясына әскерилер де қосылды

Республикалық “Біз біргеміз” акциясына отан қорғаушылар да қатысып жатыр. Бүгін олар ардагерлердің және әкелері әскери қызметтегі көпбалалы отбасылардың үйіне барып азық-түлік салынған қоржын таратты. Қайырымды жандар тыл еңбеккері, отставкадағы аға прапорщик Виктор Латыхиннің де үйіне кіріп шықты. Ардагер осындай қиын уақытта жастардың аға буынды ұмыт қалдырмай, қамқорлық жасағандарына ризашылығын білдірді.

Виктор Латыхин – тыл еңбеккері:

– Денсаулығым, жағдайым бәрі жақсы. Әскерилер осылай жыл сайын келіп тұрады. Ұмытпай хал-жағдайымызды сұрап тұрады. Мерекелік іс-шараларға да шақырып отырады. Оларға алғысымды білдіремін.


Кенжеболат Балтабаев – ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– “Біз біргеміз” акциясына біз де қосылдық. Ардагерлерге алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік табыс етіп жүрміз. Оның ішінде қант, күріш, қарақұмық бар. Сонымен қатар, бүгін отағалары әскери қызметтегі көпбалалы 8 отбасымен кездесеміз.

 

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан