Әр түрлі

Биыл православтар вербалық жексенбіні үйде тойлайды

Сәуірдің 12-сі күні бүкіл әлемнің католиктері Пасханы, ал православ сеніміндегі жандар Вербалық жексенбіні тойлайды. Бірақ, биыл діндарлар қос мейрамды шіркеуде емес, үйлерінде атап өтеді.

Мұның барлығы халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Себебі, көп адам жиналатын жерде әлемнің әр түкпіріне тараған коронавирусты жұқтыру қауіптілігі жоғары. Дін өкілдері тұрғындардан орын алған өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұрайды. Айта кетейік, дәстүрлі мерекелерде адамдар Құдайға құлшылық етеді, бірін-бірін құттықтайды және дастархан жаяды.

Ешкенова Дана