Спорт

Жерлесіміз жүлдегерлер қатарынан көрінді

Төтенше жағдайға байланысты спорттық іс-шаралардың бір бөлігі тоқтатылды, ал екінші жартысы кейінге шегерілді. Бірақ, қазір кейбір жарыс түрлері онлайн режимде ұйымдастырылып жатыр. Мысалы, жақында мектеп оқушылары мен студенттер арасында «Бес асық» ойынынан республикалық турнир өтті. Оған Қазақстанның 8 облысынан сайдың тасындай іріктелген 13 қыз қатысты. Бәсекеде өңір намысын шалақындық Сәния Зейкенова абыроймен қорғады. 10-шы сынып оқшысы додада сәтті өнер көрсетіп, 3-ші орын еншіледі. Осыдан бірнеше күн бұрын бұрымды арнамызға сұхбат беріп, үйдегі жаттығу барысын видеоға түсіріп жолдаған болатын. Жеткіншек елдегі ахуалға байланысты бапкерсіз дайындалыпты. Бұл оған әжептәуір қиындық тудырған екен.

Сәния Зейкенова – Шал ақын ауданы:

– Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты дайындықты үйде жүргізіп жатырмын. Жаттығуға кемінде 1 сағат уақыт жұмсаймын.

 

 

 

Бердимурат Баймухан