МТРА жаңалықтарыҚоғам

Салт атты сақшылар саяжайларды күзетуде

Тәртіп сақшылары тұлпар тізгіндеді! Бүгінде петропавлдық салт атты полицейлер Заречный және Новопавловка кенттерінде орналасқан 20-ға тарта саяжай қауымдастығын патрульдеуде. Күнделікті шара барысында олар көлік жүре алмайтын жерлерді аралап, жіті бақылайды. Тағы, кооператив төрағалары, күзетшілерімен тілдесіп, учаскелердегі жағдаймен танысады. Мамандардың басты мақсаты – құқық бұзушылықты болдырмау. Яғни, бекітілген аумақтардағы ұрлықтың алдын алу. Оған қоса қазір мамандар тұрғындарға карантин және көктемгі су тасқыны кезіндегі негізгі ережелерді түсіндіріп жүр. Айта кетейік, биыл еліміздегі төтенше жағдай режиміне байланысты саяжай маусымының ашылуы кейінге шегерілді.

Мерей Жамулдинов – Петропавл қалалық ПБ ЖПҚБ полицей-кавалерисі:

 – Заречный кентінде «Ренет, «Жемчужина», «Тихая заводь», «Сатурн» сияқты саяжай учаскелері бар. Осында қылмыс болмауы үшін алдын алу шараларын жүргізіп жатырмыз. Күнделікті екі бағытта шығамыз.

Александр Дылдин – «Ренет» саяжай қоғамдастығының төрағасы:

– Жігіттер аумақтарды ұдайы бақылайды. Мұның нәтижесінде ұрлық азайды. Ал, бұрын құқық бұзушылық жиі болатын. Бәз-біреулер үйлердің есік-терезелерін бұзып, іштегі ұсақ-түйекті түгел жымқыратын. Қуанышымызға орай, қазір тәртіп орнады.

 

 

Култанов Байболат