Денсаулық сақтау

Карантин ережелерін қатаң сақтау қажет

Өңір санитарлары тұрғындардан карантин шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Бұл жайлы күнде айтылып жатса да мамандар жерлестерімізді тағы да ескертіп қою артық етпейді дейді. Көшеге шықпаңыздар, туған-туыстардың үйіне бармаңыздар. Қазір Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 764-ке жетті. Ал өңірімізде қауіпті дертке шалдыққандардың соңғысы өткен сенбі күні тіркелді. Одан бергі жағдай тұрақты. Бір науқас ауруынан айығып шықты. Бірақ, бұл босаңсу керек дегенді білдірмейді. Керісінше вирус жойылғанша карантин ережелерін одан бетер күшейткен дұрыс дейді мамандар. Өйткені, COVID-19 – өте тез тарайтын және заттардың бетінде ұзақ сақталатын кеселдің түрі.

Әсет Жұматаев – қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

– Барлығымыз үйде отыруымыз керек. Осылай ғана инфекцияны тоқтата аламыз. Егер айтылған ережелерді сақтамайтын болсақ, карантин уақыты әрі қарай созыла береді.

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан