Қоғам

Үйге дейін жеткізіп беру қызметіне қатысты шағым

Подъездері карантинге жабылған үй тұрғындары азық-түлікке ойлайн-тапсырыс берген жағдайда тауардың кешіктіріліп жеткізілетіне қатысты шағым білдірген. Жағдайды тапсырысты рәсімдеумен айналысатын интернет-дүкен мамандары мен еріктілер түсіндіріп берді.

Ірі супермаркет өкілдерінің айтуынша қалалықтардан түскен өтінімдер сағат таңғы 9 бен 11 аралығында қабылданады. Кейін түске дейін сатушылар тапсырыстарды іріктеп, азық-түлік жинайды. Тауар толы пакеттерді мекен-жай бойынша 5 мобильді таратады екен. Олардың құрамында еріктілер де бар. Азық-түлікті тапсырыс берушіге жеткізушілер тиісті қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанады.
Еске сала кетейік, қазір Петропавлда коронавирусқа байланысты 16 подъезд оқшауландырылған.

Анна Ващенко, “Семейный” интернет-дүкенінің жетекшісі:

 – Түске таман тапсырысты жеткізумен айналысатын жеке машина келеді. Бұл қызмет өкілдері интернет-дүкеннен бөлек орналасқан.


Алла Писаренко, СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

 – Азық-түлікті тұрғындардың өздеріне бермейміз. Подъездің алдына қойып кетеміз. Ақша да қолма-қол алынбайды. Дезинфекцияланған сейфке салынады немесе картаға аударылады. Жалпы, адамдарға тауар жеткіземіз деуші жандардық қатары күннен-күнге артып келеді. Бүгінде еріктілердің саны 80-ге жақындап қалды.

 

Маржан Касымбек