СпортҚұрылыс

Петропавлда волейбол кешені салынады

Петропавлда төтенше жағдай режимі аяқталған соң волейбол кешенінің құрылысы басталады. Су жаңа спорттық нысан ботаникалық бақтың дәл жанынан бой көтереді.

Жылдың басында оранжерея әкімшілігі жоспарланған құрылысқа қатысты наразылықтарын білдірген болатын. Мамандардың айтуларынша, 15 метрлік нысан кейін күннің көзін көлегейлеп, іштегі сирек өсімдіктердің жайқалып өсуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Айта кетейік, волейбол кешені салынайын деп жатқан жер жеке меншікке тиісілі. Нысанның жобасы мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. Жаңа кешенде “Қуаныш” волейбол клубы жаттықпақ.

Виталий Янышев – Петропавл қаласы сәулет және қала құрылысы бөлiмiнің маманы:

– Жаңа волейбол кешенін салмас бұрын жобасы мемлекеттік сараптамаға жолданған болатын. Жуырда оның қорытындысы шықты. Сарапта оң нәтиже көрсетті. Медведев көшесі, 141 мекен жайы бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталған жоқ. Бірақ, тиісті техника дайын тұр. Жоспарланған шаруа төтенше жағдай аяқталған соң басталады деп көзделіп отыр.

Ешкенова Дана