Құқық қорғау органдары

Пәтер тонаған 2 адам ұсталды

Енді полиция департаментінен жолданған ақпарға тоқталайық. Жыл басынан бері өңірде 240 пәтер тонау фактісі тіркеліпті. Бүгінге дейін оның 204-інің беті ашылған екен.

Жақында Петропавлда осындай қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 2 адам ұсталды. Олар кәсіпкердің баспанасына ұрлыққа түскен. Қос солтүстікқазақстандық іштегі сейфті бұзып, іскер жанның тауар сатып алуға жинаған 6,5 млн теңгесін жымқырып кеткен. Жедел-іздестіру шарасы барысында бұрын сотты болған 2-еу құрықталады. Қазір осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 188-ші бабының 4-ші бөлігі -«Ұрлық» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

– При вскрытии данного материала была обнаружена картонная коробка, видите: надпись на картонной коробке. Коробка была покрыта скотчем, понятые – внимательно. Оперативное видео по квартирной кражи.

Данияр Ғалиақпаров – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

– Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған Қызылжар ауданы және Петропавл қаласының тұрғындары ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Актолкын Солтанханкызы