Білім

НЗМ-нің оқушылары заманауи бағдарлама арқылы оқып жатыр

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да қашықтықтан оқып жатыр. Іс кезінде ақпарат қауіпсіздігі жоғары “Microsoft Teams” атты бағдарлама қолданылуда. Бұл жоба жергілікті мамандар мен шәкірттерге жақсы таныс. Себебі, оны педагогтар мен балалар осыдан 2 жыл бұрын пайдалана бастапты. Мысалы, қысқы аяздарда ұл-қыздар осы жаңашылдық арқылы ұстаздармен байланысқа шығады екен. Бүгінде 1 күнде 7-8 сабақ өткізіледі. Әрқайсысы 20 минутқа созылады.

Данияр Уәлиев – химия-биология бағытындағы НЗМ-нің физика пәні мұғалімі:

– Барлық іс бір платформада жүргізіледі. Өзге қосымшалардың қажеті жоқ. Сонысымен ыңғайлы.

Байболат  Култанов