Зейнеткерлердің дәрі-дәрмегі үйлеріне жеткізіліп берілуде

Қоғам

21:15 6 Сәуір 2020

Жергілікті емхана мамандары дәрі-дәрмекті тұрғындардың үйлеріне  өздері жеткізіп беруде. Мұндай қызмет зейнеткерлер мен мүгедек жандарға көрсетіліп жатыр. Игі іске ерікті жастар да атсалысып жүр.

Зураш Бектембаева 3-ші қалалық емханасында учаске медбикесі болып жұмыс істейді. Міндетіне жауапкершілікпен қарайтын маман 10 зейнеткердің дәрісін өзі алуға келіпті.

Зураш Бектембаева – №3 қалалық емханасының учаскелік медбикесі:

– Біздің учаскеде 175 зейнеткер есепте тұр. 4-5 күннен бері дәрілерді өзіміз алып адамдарға таратып жатырмыз. Таңертеңнен 1-ге дейін науқастарды қабылдаймын. Түстен кейін емханадан дәрілерді алып, адамдарға таратамын.

Жалпы, 3-ші қалалық емханда бүгінде 7 мыңнан астам зейнеткер мен мүгедек жан тіркеулі тұр. Олардың 4,5 мыңдайы ай сайын емханаға келіп, тегін дәрі-дәрмек алады. Әзірге, бұл қызметті мамандардың өздері атқармақ.

Сәбира Даирова – №3 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары:

– Емханада 43 учаске бар. Дәрілерді диспансерлік есепте тұрғын жандарға алып барып береміз.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Осыны қаперде ұстаған ерікті жастар да игі іске атсалысуда. Олар күніне 20-ға жуық адамға дәрі-дәрмегін жеткізіп береді.

Үйде отырыңыздар! Бұл – жергілікті дәрігерлердің тұрғындарға деген ескертуі емес, қойып отырған талабы. Мамандар емханаларға жөн-жосықсыз келудің қажеті жоқ дейді. Егер дәрігердің көмегі керек болып жатса маманды үйге шақырта аласыз. 

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Үлгілі отбасы
“Адалдық сағаты” онлайн дәрісі
Қоғамдық көлік мәселесі
Балабақшалар келушілерді қайта қабылдайды
Тұрғындарға биыл “Еңбек” бағдарламасы бойынша 520 млн теңге берілген
ҰОС-ның ардагері 100 жасқа толды
Петропавлда тегін автотұрақтар салына бастады
Жеке сектор тұрғындары қоқыс шығару қызметі үшін төлем жасауға міндеттелуде
Мамырдың 23-і қайырымдылық сенбілігі өтеді
Бүгін – қасиетті Қадір түні
ХҚКО-да қызметтердің 660-қа жуығы онлайн режимде көрсетіледі
Жазасын өтеушілер туғандарымен видеобайланысқа шығуда