Спорт

Спортшылар қашықтықтан жаттығу үстінде

«Үміт» мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубында да жұмыс қашықтықтан жүргізіліп жатыр. Бүгінде мұнда 200-ден астам адам жаттығады. Бапкерлер спортшылармен мессенджерлер арқылы тығыз байланыста. Осылайша олар тәрбиеленушілеріне тиісті жатығуларлардың жоспарын жібереді. Ал спортшылар өз кезегінде тапсырманы орындау барысын телефонның камерасына түсіріп алып, қайта жолдап отырады.

Руслан Долабаев, парапауэрлифтингтен облыстың аға жаттықтырушысы:

 – Спортшылар үшін жаттығуларды орындауда бірқатар қиындықтар туындап жатқаны рас. Себебі, үйде қажетті спорттық құралдар жоқ. Дегенмен, қашықтықтан оқытудың арқасында бапкерлер де, тәрбиеленушілер де жаңа технологияның мүмкіндігін көріп отыр. Бұл оларға өзін-өзі жан-жақты дамытуға бір серпін береді десе болады. 

Актолкын Солтанханкызы