Мәдениет

Өнер иелері онлайн-концерт беруде

Сахна саңлақтары әлеуметтік желі арқылы ән айтуда. «Қызылжар» ансамблінің көркемдік жетекшісі Игорь Рыженко мен Мәдениет қайраткері Елена Уварова тікелей эфирде концерт беріп жүр.

Өнер иелері  күн сайын онлайн-тарту жасайды. Шығармашылық кеш Инстаграм парақшасында кешкі 7-лер кезінде көрсетіледі екен. Өнерсүйер қауым өз репертуарындағы туындыларды жанды дауыста орындайды. Онлайн-концерт 1 сағат көлемінде өтеді. Өнер майталмандары әлеуметтік желі арқылы ән салса да, заманауи нақышта ұсынылған халық әндерін құлақтың құрышын қандыра орындайды.

Игорь Рыженко – «Қызылжар» халық әндері ансамблінің көркемдік жетекшісі:

– Біз жерлестеріміздің сүйікті туындыларын әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығу арқылы орындап жүрміз. Осылайша, қазіргі төтенше жағдай кезінде үйлерінде отырған тұрғындардың көңілін аз да болсын бір сергіткіміз келеді. Сабырлық танытайық. Қауіпсіздік шараларын қаперден шығармаңыздар. Бұл қиындықты бәріміз бірге жеңеміз. 

Маржан Касымбек