Спорт

Айыртау ауданының тұрғындары онлайн-марафон өткізіп жатыр

Үйде отырыңыз! Айыртау ауданының белсенді тұрғындары осындай ұранмен онлайн-марафон өткізіп жатыр. Оған кез келген адам қатыса алады.

Бұл іс-шараға атсалысу үшін үйде жасаған жаттығуды видеоға түсіріп, marafonsportivnyy@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек екен. Марафонның жеңімпаздары сәуірдің 19-ында сағат кешкі 7-ден 19 минут кеткенде тікелей эфир арқылы анықталады. Үздіктерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар жолданбақ.

Полина Скворцова – №1 Саумалкөл орта мектебінің оқушысы, Айыртау ауданы:

–  Марафонға қатысушылар жалпы дамыту жатығуларын орындаулары тиіс. Бейнежазбаның ұзақтығы 4 минуттан аспауы керек, оны музыкамен әрлеп жіберуге болады. Кейін дайын дүниені электрондық поштаға жолдайсыздар. Бұл роликтер онлаин-дауыс беру басталғанша дейін қабылданады. 

Актолкын Солтанханкызы