МТРА жаңалықтары

Жерлестеріміз 00:00-ге дейін қалаға кіріп-шыға алады

Тұрғындар үшін маңызды жаңалық! Жерлестеріміз бүгін түнгі 12-ге дейін қалаға кіріп-шыға алады.

Бірақ, арнайы санатқа енген адамдардың ғана қатынауына рұқсат. Облыстың бас санитарлық дәрігері Серікбай Қасмақасовтың қаулысына сәйкес облыс орталығына келіп, алайда белгілі бір себептермен кете алмай қалған жандарға тұрғылықты жерлеріне баруға болады. Өзге жақта жүрген петропавлдықтар болса қалаға кіре алады. Ал түн жарым, яғни 12-ден кейін блокпосттардан өтуге тыйым салынады.

Асқар Хабибулин – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Карантин кезінде Петропавлға құқық қорғау органдарының, төтенше жағдай қызметі мен медицина қызметі көліктері кіріп-шыға алады. Тағы, азық-түлік тасымалымен айналысатын ұйымдардың машиналары ғана бекеттерден өтеді. Осылардан өзге темір тұлпарлардың қатынауына тыйым салынады.

Актолкын Солтанханкызы